Ресейде оппозициялық саясаткер Алексей Навальный түрмеде қайтыс болды


16/02/2024
18:13 8554 0

 

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный Ямало-Ненецтегі №3 түзеу мекемесінде қайтыс болды. Бұл жөнінде Ресейдің жазаны өтеу бойынша федералды қызметі хабарлады.

 

– Навальный серуендеуден соң өзін жайсыз сезініп, бірден есінен танып қалған, жедел жәрдем жеткенше дәрігерлер сотталушыны құтқарып қала алмады, – деп жазды Интерфакс басылымы. 

 

14 ақпанда саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыш Навальныйды 27-рет айып изоляторына жібергенін хабарлаған.

 

.– Алексей Навальныйдың отбасының шешіміне байланысты ештеңе айта алмаймын. Анықтап жатырмыз. Сәрсенбіде Алексейге адвокаты барды. Ол кезде бәрі жақсы болған" деп жауап берді Алексей Навальныйдың адвокаты Леонид Соловьев «Новая газета» басылымына берген сұхбатында. 

 

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Навальныйдың неден қайтыс болғанын білмейтінін айтты. «Дәрігерлер анықтауы керек» деді ол. Оның сөзінше, Путин Навальныйдың қайтыс болғаны туралы хабар алған. 

 

Навальныйдың командасы қазаны әлі растамады. Оның баспасөз хатшысы Кира Ярмыш Х желісінде «біздің қолымызда әлі расталған ақпарат жоқ» деді. Оның сөзінше, Навальныйдың заңгері Ямало-Ненец аймағындағы түрмеге ұшып кеткен.

Поделиться

Нет комментариев.

16/02/2024 18:13
8554 0

Уведомление